Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Музыкалық шеру биыл да өтеді

Былтыр бүкіл елде 1 маусым - Балаларды қорғау күнінде балалар мен жастардың музыкалық шерулері өткен болатын

Алда келе жатқан Балаларды қорғау мерекесіне орай орталық алаңда ұйымдастырылатын балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің, хор және би ұжымдарының республикалық  шеруіне дайындықты №24 өнер мектебі әлден бастап кетті. 

Айта кетейік, Балаларды қорғау күнінде музыкалық шеру өткізуді ҚР Білім және ғылым министрлігі мен республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы ұсынып, былтыр тұңғыш рет еліміздің түкпір-түкпірінде осы игі бастама қолдау тапқан болатын. Өскемен қаласында өткен шеруде әр музыкалық ұжымның оқушылары мен студенттері түрлі-түсті костюммен сап түзеген болатын. Биыл да бұл салт жалғасын таппақ.

- Былтырғы шерудегідей №24 өнер мектебінің атынан шеруде 100 адамнан тұратын сап түзелмек, - дейді өнер мектебінің директоры Марина Тарасенко. - Онда біздің оркестр бөлімінің талантты 50 тәрбиеленушісі мен эстрадалық сарынға негізделген күйдің сүйемелдеуімен 50 черлидер өнер көрсетеді. Оркестр ұжымы домбыра, қобыз, сазсырнай, тастұяқ, дабыл сынды ұлттық аспаптарда ойнайды.
Следующая →