Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде

Көкпекті ауданы бойынша қардың қалындығы 15-20 см, жердің қату терендігі аудан бойынша 150 см құрайды

Көктемгі тасқынның алдын алу мақсатында Көкпекті аудандық әкімдігі 2018 жылы 18 қаңтаынрда  "Шығыс Қазақстан облысы авиация бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және жару жұмыстарымен айналысатын "Востоквзрывпром" ЖШС ұйымдарымен келісімшарт жасаған болатын.

Сонымен қатар, 5 және 6 наурыз аралығында Самар ауылында "Көктем-2018" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары  өткізілді. 

- Бүгінгі күні 10 мың дана қап алынып, 5 мың дана кап селолық округ әкімдеріне таратылды. Сонымен қатар,  ауданға бүгінгі күнге 10 тонна дизель отыны, 5 тонна АИ-92 бензині алынды, - деп хабарлайды Көкпекті аудандық ІСБ.
Самар, Көкпекті, Құлынжон, Тассай селолық округтері аумағында инертті материал алатын карьердің орыны белгіленген, баратын  жолдар бар. Көкпекті ауылында ДЭУ-29 жол ұйымының территориясында 600 тонна инертті материал дайындалды, Самар ауылында ДСУ -14 жол ұйымының территориясында 300 тонна  инертті материал дайындалып қойған. 
   
- Барлық селолық округтерде тәулік бойы кезекшілік  ұйымдастырылды, - деп мәлімдеді Көкпекті аудандық ІСБ. - Селолық округ әкімдері каналдарды, көпірлерді тазалау, бөгеттерді нығайту және өзен арналарын тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге қосымша техника тарту үшін ауыл шаруашылық құрылымдар, кәсіпорындар және ұйымдармен  178 келісімшарттар жасасқан.  

Одан өзге тасқын суды бөгетсіз өткізу үшін  республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 9 көпір,  69 су өткізгіш құбыр, ал блыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 11 көпір, 163 су өткізгіш құбыр қар мен мұздан тазартылуда.   Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында 6 көпір, 127 су өткізгіш құбыр, ал аудан бойынша  26 көпір, 359 су өткізгіш құбыр қар, мұздан тазартылуда.   
Следующая →