Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде итке ескерткіш қоюды ұсынды

Ата-аналары балаларына айтып жүрген қаһарман ит туралы аңыз бойынша жақын арада мүсін қалануы мүмкін

Шамамен 30 жыл бұрын қаһарман ит Өскемендегі қайғылы оқиғаның алдын алды. Сәулет ғимараты жай ғана қаланы безендіру үшін ғана емес, сонымен қатар облыс орталығы тарихының бір белгісі болуы керек.

 

1989 жылдың қысы қатал болды. Термометрдегі ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеді. Осындай аязды күндердің бірінде Өскемен қаласының тұрғыны Спорт сарайы маңында итімен жүрген еді. Кенеттен ит Улбі көпірінің жанында тоқтап, қожайынына белгі бергендей үреді. Төрт аяқты досының түйсігін жақсы білетін ер адам, көпір тұсына жақындай келіп,көпірдің қалыптан тыс суық ауа райына шыдамай, сынғанын көрген. Автокөліктердің салмағынан көпір кез келген уақытта бөлініп, апат болуы мүмкін еді. Ит иесі жергілікті билікке хабарласып, бір сағаттың ішінде көпірден өтуге тосқауыл қойылады. Өскемен тұрғындары біраз уақыт жаяу ғана жүрді. Ит иесі сол жағдайдан кейін арнайы марапатталды. Бірақ қазір ит иесі мен қаһарман ит туралы әңгімелерді тек қаланың ескі тұрғындары біледі. Иттің фотосуреті сақталмаған екен, тек оның неміс тұқымды овчарка болғаны ғана белгілі. Бірақ марапаттау рәсіміндегі қаһарман иттің иесімен түскен тарихи құжат бар.

 

- Спорт сарайының жанында жануарға ескерткіш тұрғызу туралы ұсыныс бар. Негізінен халық бұл ұсынысты қолдап отыр, енді жергілікті билік қолдайды деп үміттенеміз, - дейді Өскемен Қоғамдық кеңесінің төрағасы Станислав Каримов.

 

Бұл ескерткіштің қандай болатыны әлі белгісіз. Қоғамдық кеңес болашақ архитектуралық құрылыстың нобайына конкурс жариялауды ұсынуда. Әзірше Қоғамдық кеңестің Instagram әлеуметтік желі парақшасында азаматтар "келісемін" немесе "қарсымын" деген өз ұстанымдарын білдіре алады.


Следующая →