Жөндеу жасауға келісіп, пәтерді тонаған
Ер адам пәтерді жөндеу жұмыстарына келісіп, оларды тонап кеткен
33 жастағы ер адам 2016 жылы Орджоникидзе көшесіндегі пәтерлердің бірін жөндеуге келіскен. Басында өз міндетін атқарып жүрген азамат кейін ішімдік ішіп, сол пәтерде түнеп қалған. Мас күйінде үйдегі теледидар, кір жуғыш машина, шәйнек, құрылыс құрылғылары сынды бағалы заттарды алып шығып, сатып жіберген.
Одан кейін екі апта өткен соң тағы бір клиент тауып, оның үйіндегі құрылыс заттарын да ұрлап, сатқан.
Жалпы ер адам төрт рет осындай жолмен ұрлық жасаған. Ұрланған заттардың жалпы құны 700 мың теңге. Ақшаның барлығын араққа жұмсаған.
Зардап шеккен азаматтарға келген шығын қайтарылмаса да, олар қылмыскерге қатаң жаза талап етпеген. Өскемен қалалық №2 соты қылмыскерді төрт жылға бас бостандығынан айырды.
Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Следующая →

Тақырыптар:
Вор-ремонтник в Усть-Каменогорске Кража в Усть-Каменогорске Правоохранительные органы ВКО Судебная система в ВКО