Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде Наурыз мейрамында қандай шаралар өтеді?

Наурыз мейрамына орай Өскемен қаласының барлық аудандарында мерекелік шаралар өтеді. Қаланың басты мерекелік концерті 22 наурыз күні Республика алаңында сағат 11.00-де басталады

Өскемен қаласы ішкі саясат бөлімінің ұсынған ақпаратына сүйенсек, 16 наурыз күні Меновное кентіндегі "Самұрық" мәдени-сауық орталығында тұрғындарға арналған "Наурыз 2018" мерекелік концерті ұйымдастыралады.

17 наурызда "Фреш Маркет" сауда орталығының аумағында өңірдің қалалары мен аудандарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

19 наурыз күні №33 мектеп аумағында "Наурыз - көктем мерекесі" мерекелік шарасы, театрландырылған көрініс "Шығыс" ауылының тұрғындарының назарына ұсынылады. Сондай-ақ, дәл осы күні Меновное, Аблакет ("Самұрық" мәдени-сауық орталығында), ЖМК ("Достық" сауда орлағының аумағында) кенттерінде, Ново-Явленко ауылында тұрғындарға арналған халықтық серуен өтеді.

20 наурызда сағат 11.00-де №46 мектепте 400 адамға арналған тегін дастархан жайылып, мерекелік концерт, спорттық сайыстар ұйымдастырылады.

21 наурыз күні сағат 10.00-де "Дос-Нар" сауда орталығының және "City Center" супермаркеті аумағында халықтық серуен өтіп, "Дос Нар" сауда орталығында тегін түскі ас және "Наурыз көже" беріледі.

22 наурызда сағат 10.00-де ММҮ алаңында мерекелік концерт, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылады. Тұрғындар арасында ұлттық ойындар сайысы өтеді. Тұрақтандыру қорының өнімдері тұрғындарға ұсынылып, мерекелік сауда-саттық өтпек.

"Титан" стадионында халықтық серуен сағат 10.00-де басталады. Ал сағат 11.00-де Спорт сарайы аумағында ("Казцинк" ЖШС) мерекелік шаралар ұйымдастырылады. "Торпедо" хоккей командасы халықтық серуенге қатыспақ. Бұл күні қала тұрғындары жанкүйер болып, сондай-ақ, ойындарға қатысуға мүмкіндік алады. Тұрғындар арасында "Ең үлкен әрі дәмді бауырсақ" дәстүрлі конкурсы өтеді деп жоспарланған.

Сонымен қатар, мереке күні қала көшелерінде "Наурыз құтты болсын!" жастар акциясы өтеді. Шара барысында жастар мерекелік құттықтау ленталары мен флаерларды тұрғындарға таратады.

Ал Республика алаңындағы мерекелік шаралар сағат 11.00-де бастау алады. Атап айтқанда, күндізгі бағдарламада "Қош келдің, әз Наурыз!" атты мерекелік-театрландырылған көрініс, қазақстандық эстрада жұлдыздарының (Мақпал Исабекова, "Килиманджаро" тобы) және Барнауыл мен Өскемен қалаларының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт, спорттық жарыстар, көрмелер, палау фестивалі, киіз үй қалашықтары (Астананың 20 жылдығына орай 20 киіз үй тігіледі), "Сулпак" сауда үйінің аумағындағы кіші сахнада Көкпекті, Ұлан аудандарының және Өскемен қаласының шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті, ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Кешкі бағдарламада қазақстандық эстрада жұлдыздарының (Парвиз Назаров, Айқын Төлепберген, Мақпал Исабекова және "Килиманджаро" тобы) қатысуымен мерекелік концерт және би кеші жоспарланған.

23 наурыз күні "Император" сауда кешенінде "Ақ босаға" ансамблі өнер көрсетеді. Сонымен қатар, қала тұрғындарына 1000 бауырсақ пен "Наурыз көже" тегін ұсынылады. "Поляна" ойын-сауық кешені де келушілерге палау, көже, шай тегін үлестіріледі. Сондай-ақ, Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының, өнер мектептерінің, "Эйфория" ұжымдарының мерекелік бағдарламасы, облыстық Драма театры актерлерінің көрінісі тұрғындар назарына ұсынылады. Мерекелік қолөнер және тәттілер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, сайыстар өтеді.

Следующая →