Үй қызметшісі зейнеткердің үйінен 350 мың теңге көлеміндегі әшекей бұйымдарды ұрлаған
Күдікті жәбірленушінің үйінде жеті жылдан астам уақыт жұмыс істеген және осы күнге дейін оған қатысты ешқандай шағым болмаған
Полиция қарт әйелдің пәтерінің есігін бұзудың ешқандай белгілерін таппады, сол себепті күдік бірден үй қызметшісіне түсті.
- Зейнеткер алтын сырғаларын жоғалтып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Бұрын үйде зат жоғалмаған, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Іздестіру барысында, үй қызметшісі болып жұмысқа кірген, Өскемен қаласының маңындағы елді мекенде тұратын 49 жастағы әйел адам ұсталады. Азаматша 350 мың теңге көлеміндегі әшекей бұйымдарды ұрлағандығын бірінші тергеуден-ақ мойындаған.
Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-тармағындағы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.