Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да 600 шақырым жол жөнделмек

Шығыс Қазақстан облысының жолдары бүкіл республикамен салыстырғанда ең ұзақ желі болып табылады

Таспен торланған жолдардың барлығын бір түзулікке қойса, 12 мың шақырымды құрайды. Бұл бүкіл әлемдегі ең ұзақ деп танылған Қазақстан мен Ресей шекарасының ұзындығынан асып кетеді.

Биыл республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі бірқатар жолдар жөндеуден өтеді. "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында негізгі магистральдар жөнделсе, "Омбы-Майқапшағай" бағытындағы жолдың 125 шақырымы қайта құру жұмыстарынан өтеді. Бұл жұмыстың өзіне ғана 24 млрд теңге көзделіп отыр.

Республикалық маңызға ие "Таскескен-Бақты" бағытының 20 шақырымына 3 млрд теңгеден астам ақша бөлінді. Былтыр 700 миллион теңге игерілсе, биыл қалған сома толық игеріледі деп жоспарлануда.

- Облысымызда бүгінгі таңда "Өскемен-Зырян", "Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары", "Өскемен-Семей", "Өскемен-Шемонаиха", "Қарағанды-Аягөз" жолдарында қайта құру жұмыстары жүргізіледі, - дейді облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Әсет Сұлтанов. - Ағымдағы жылы біз 4 миллиард теңгені игеруді көздеп отырмыз. Облыстық маңызы бар 86 шақырым жол жөнделетін болады. Сол сияқты, қосымша қаржы көздерін тартып, тағы 126 шақырымға орташа жөндеу жұмыстарын жүргіземіз.

Өскеменде орташа деңгейдегі жұмыстарға 1 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалады. Биыл Жібек жолы, Сәтпаев даңғылдарымен, Протозанов көшесі, Ахмер жолында басталған жұмыстар жалғасын таппақ. Семей қаласындағы жолдарды жөндеуге осы жылы 800 миллион теңге көзделіп отыр.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Жол Жөндеу Шақырым