Жауын-шашын суы Күршім ауданындағы көпірді шайып кетті
Елді мекенді су басу қаупі жоқ болғанымен, Топтерек ауылының тұрғындары орталықпен байланыса алмай қалды
Мол жауған жаңбырдан өзен суы көтеріліп, Топтерек пен Күршім ауылдарын байланыстырып тұрған көпірді толық шайып кетті.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жүргізіп жатыр. Жол жабылып, кезекшілер қойылды.
Шығыс аймақтық аэромобильді шұғыл құтқару қызметі бөлімі Күршім аудандық ТЖБ, жергілікті полиция қызметі, аудандық әкімдік бірлесе отырып, ауылдағы адамдарды қайықпен тасып, азық-түлік жеткізуде.
Арғы жағалауға 10 адам өткізілді, олардың үшеуі – балалар.
Следующая →
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жүргізіп жатыр. Жол жабылып, кезекшілер қойылды.
- Көпірден Топтерекке дейінгі қашықтық шамамен төрт шақырым, қазір онда өткел жасалды, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.