Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Шенеуніктер тәулік бойы кезекшілік етеді

ШҚО әкімі құтқарушылар мен коммуналды мекеме қызметкерлерінің көктемгі су тасқынына дайындығына көңілі толмады

Облыс басшысы Даниал Ахметов қаладағы су басқан аудандарды аралап шығып, төтенше жағдайдың жоқтығын, барлығы тек жұмысшылардың ұқыпсыздығынан деп отыр.

Мәселен, Красина кентіндегі төрт ауланы Пушкин мен Кожедуба көшелеріндегі уақытылы тазаланбаған арықтардың салдарынан су басқан.

- Су 40 сантиметрге көтерілген, - дейді су басқан үйдің иесі Алексей. - Басында арықтың тереңдігі екі метр еді. Бірақ ол бірнеше жыл бойы тазаланбаған. Сондықтан арықтың суы көтеріліп, аулаларға қарай кіріп жатыр.

Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, құтқарушылар келіп мөшектегі құмды төге салған. Осылайша, әкім қалалық қызметтердің жұмысын нашар деп бағалады.

- Әркім өз жұмысын уақытылы орындауы керек болатын, - деді әкім. - Қаланың коммуналды қызметі мен ТЖБ қызметі шапшаң әрекет етпеді. Бір басқарма мен әкім бірігіп төрт үйдің ауласындағы суды шығара алмағаны масқара. Бүкіл қалада төрт су сорғыш табылмады ма?

Әкім үйін су басқан тұрғындарға келген шығын өтелетіндігін уәде етті.

Сонымен қатар, Даниал Кенжетайұлы әкімшілік қызметкерлерінің тәулік бойы жұмыс жасап, ауа райының құбылыстарына байланысты дер кезінде әрекет етуін қадағалайтын болады.

Следующая →