Өскеменде үлкен кептеліс орын алды
Қалыптасқан режіммен жүруге мүмкіндік болмағандықтан жүргізушілер қарсы жолақпен жүруге мәжбүр
Байбатчин көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін су басып қалғандықтан Сәтпаев даңғылы жабылып, көлік кептелісі орнады.
Облыста орнаған қолайсыз ауа райының салдарынан Мызы және Қазақстан көшелеріне түгел су жайылған. Ал Михаэлис көшесіндегі "Ромашка" дүкенінің маңын су басқаны соншалық, тіпті, көліктердің мемлекеттік нөмірлері түсіп жатыр.
- Көліктер "Арзан" супермаркетінің жанынан Сәтпаев даңғылына қайта шығу үшін Самар тас жолымен Базовая көшесіне дейін айналып жүруге мәжбүр, - дейді тұрғындардың бірі. - Көліктер ұзақ уақыт бойы кептелісте тұр. Тіпті, алға жылжу үшін қарсы жолаққа шығуға тура келеді.

Следующая →