Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО банктері төмендетілген мөлшермен ипотекалық несие беруді бастамақшы

Жақын арада қаржы институттарының жұмысы халыққа кредит берудің жаңа форматына көшеді

Елбасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтқан тұрғын үй нарығындағы несиелеу бойынша болашақтағы өзгерістерді ШҚО орталығында талқылады.

Президенттің айтқан бес бастамасының біріне сәйкес, республикада "7-20-25" деп аталатын бағдарламаны іске қосу ұсынылады. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық 25 жылға дейін сыйақысы 7% -дан аспайтын және 20%-дық алғашқы жарнамен несие ала алады.


Екінші деңгейлі банктер халыққа жылына сыйақы мөлшері 14-16%-бен несие береді. Ал  бастапқы жарна мөлшері 30% бен 50% арасында екенін айта кеткен жөн.

 

- Қазір жаңа бағдарламаны іске асыру тетігі әзірленуде, - деп түсіндірді ШҚО Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі филиалының Сервистік орталық басшысы Аслан Самжанов. - Банктер бүгінгі күннің қажеттіліктеріне жауап беру үшін барлық жұмыстарын қайта құрылымдауы қажет.

 

Елбасы тапсырманың орындалғанын бақылауды "Нұр Отан" партиясына жүктеді. ШҚО-да бұл жұмысты мемлекеттік органдар, депутаттар мен қоғамдық бірлестіктер кіретін бес жұмыс тобы үйлестіреді.

 
Сонымен қатар, кездесу барысында басқа да әлеуметтік бастамалар талқыланды. Олардың ішінде студенттерге арналған жатақханалар құрылысы, өңірлерді газдандыру және жалақы бойынша салықты төмендету.

Следующая →