Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Мамандар Ертістегі үйректер неге өліп жатқанын анықтай алмады

Алайда қалада қыстайтын үйректердің не себепті қырылуы мүмкін екендігі туралы болжамдарын айтты

Ақпан айының аяғында өскемендіктер Понтон көпірі аумағындағы үйректердің қырыла бастағанына куә болды. 

Экологиялық қауіпсіздік орталығы қызметкерлері ШҚО Экологиялық департаментімен бірлесе отырып, үйректер өліп жатқан жағалау суын сынамаға алды. Сараптама нәтижесі судың барлық талаптарға сай екендігін көрсетті. Ал Өскемен қалалық ветеринарлы-санитарлы бақылау бөлімі мамандары үйректердің тушаларын зертханаға жіберді. 

- Тушалар нитрат, нитрит, хлор иондары мен алкалоидтарға тексерілді. Барлық көрсеткіштер нормаға сай, - деді Өскемен қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Серікхан Күдебаев.

Ал орнитологтар бұл бойынша өз нұсқаларын ұсынуда.

- Үш апта бойы азықсыз өмір сүре алатын үректің бұл түрі аштықтан қырылуы мүмкін емес, - дейді Сергей Стариков. - ГЭС суы азайғанда таязданып қалады, ал үйректер онда түнеп, тастарға қатып қалады. Осы уақытта адам немесе ит үркіткен жағдайда олар бірден ұшады да қарын қауырсындары жұлынып қалады. Суға қонғанда құс үсып, өледі.
Следующая →