Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменнің қараусыз қалған саябақтары жоғары оқу орындарына берілуі мүмкін

Қала аумағын осылайша таза ұстай аламыз деген ұсыныспен облыстық экологиялық орталық мәлімдеме жасады

ҚТЖ-ның саябақ аймақтарын көркейту жөніндегі бастаманы Қазақстан-Америка еркін университетінің басшылығымен бірлесе отырып ұсынды.

- Өйткені, мекемелер әртүрлі аумақтарды тазалайды, бірақ, бұл бір жолғы іс-шара әдеттегіден бөлек, - деп айтады ЦЭБ баспасөз қызметі. - Біз қаланың әртүрлі аумағын университеттер мен бюджеттік ұйымдарға жауаптылыққа беруді қалаймыз. Олар жазда шашылған бөтелкелерді жинап, ағаштың түбін кесіп, қарай алады. Бастама ерікті негізде болғанмен "келісіп тон пішерміз" деген үміттенеміз.

Бұл бастаманы ҚАЕУ басшылығы белсенді қолдап отыр, сондай-ақ, ол ЖОО-ға Гоголь көшесіндегі паркті жауаптылыққа бермекші.

- Бүгінде барлық бюджеттік мекемелер жағалауды, қоқысты тазалау және тағы да басқа сынды бір реттік шараларды өткізеді. Бірақ бұл кездейсоқ таңдалған аумақ - дейді ҚАЕУ-нің вице-президенті, экономика және қаржы колледжінің директоры Ерсайын Нәбиев. - Біз осындай кездейсоқ таңдалған аумақтан бас тартып, көктемгі-жазғы кезеңде тазалықты сақтау мақсатында әрбір мекемеге белгілі бір жерлердегі аумақты бөліп, бекітуді ұсынамыз.

Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, қазір университетте проблемалық аумақ пен оларды қамқорлыққа алатын ұйымдардың тізімі жасалуда. Ұсыныс наурыз айында Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесінің экология бойынша жұмыс тобымен қаралады. Сонымен қатар, мамандар қалалық әкімдіктен қолдау алу үшін өз ұсыныстарын жібермекші.


Следующая →