"Өскемен Тәртіп" кәсіпорнының есепшілері де қар тазалауға шықты
Кәсіпорын қызметкерлері өз еркімен аялдамаларды тазалауға шықты
Бухгалтерлермен бірге бас экономист, мемлекеттік сатып алу мен кадр бөлімінің қызметкер мамандары, хатшы да қар тазалауға атсалысып жатыр.
- Қар тазалауға жұмысшылар жетпей жатыр. Сондықтан мамандар да жұмысшыларға қолдау білдіру үшін далаға шықты. Түскі астан кейін көшеге шыққан мамандар сағат 16.30-ға дейін қар тазалады, - дейді "Өскемен Тәртіп" МКК баспасөз хатшысы Әсел Ахметжанова.
Мамандар Қазақстан көшесі, 27-үй мекенжайы маңында орналасқан аялдаманың қарын күреген.
Тақырыптар:
Уборка снега в Усть-Каменогорске Погодные условия в ВКО Чистка дорог в Усть-Каменогорске КГП "Оскемен Тартип"