Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Жеңгетайды қолға түсіру үшін тәртіп сақшылары түнімен жезөкшелерді тасыған

Күдікті азаматша риелторлық қызметпен қатар жеңгетайлықпен де айналысқан

Ол 2009 жылы осындай қылмысы үшін шартты мерзімге сотталған болатын.

Ол өзі айналысып жүрген коммерциялық жылжымайтын мүлікті алып-сату қызметі пайда әкелмей қалған уақытта ескі кәсібіне қайта кіріскен.

Күдікті ашыналық қызмет туралы хабарламаларды ғаламтор порталдарында жариялап, өзіне сыбайластарды да сол жерден іздеген. Айта кетейік, келісім ббойынша ол түнгі көбелектердің күнделікті табысының жартысын алып отырған.
Бұл бикешті ұстауға өз сыбайластары мен қызметті пайдаланушы ер адамның көмегі тиген. Азамат сайтта көрсетілген нөмірге хабарласқан, бірақ ол уақытта бос бойжеткен болмағандықтан қызметті сәл кейінірек ұсынуға келіскен. Телефон әңгімесінен кейін "тұтынушыға" полиция қызметкерлері хабарласып, жезөкшелер қордасын жоюға қолғабыс етуі керектігін айтқан. Ер жігіт лажсыз келіскен. 

Келіскен орынға жеткен түнгі көбелек қолға түсіп, ол артынша барлық сыбайластарына жол сілтеді. Тәртіп сақшылары жеңгетайды қолға түсіру үшін түнімен "бикештермен" бірге пәтерлер, сауналарды аралап жүрген. Ақыры таңға жуық "бикештер" жеңгетайларына жиналған кассаны өткізуге келгенде бірақ қолға түсірген. 

Қолға түскен күдікті қарсылық танытпай, істеген ісіне өкінетіндігін жеткізген. Өскемен қалалық №2 соты азаматшаны 3 жылға шыртты түрде бас бостандығынан айырды. 
Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Следующая →