Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығысқазақстандық алаяқ өзін ҰҚҚ қызметкерімін деп таныстырған

Шығысқазақстандық алаяқ өзін ҰҚҚ қызметкерімін деп таныстырған

 
Катонқарағай ауданының тумасы ауылдасының ұлы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айыпталып, бас бостандығынан айырылғанын облыс орталығына келіп білген соң,  бұл жағдайды пайдаланып қалмақшы болған, - деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Ер адам ұлының тағдырына алаңдаған әкесінің әрі ауылдасының телефон нөмірін тауып, өзін "ҰҚК қызметкерімін" деп  таныстырған. Ол қылмыстық құжатпен танысқандығын, сондай-ақ, жәбірленушінің ұлы кінәсіз әрі өзінің көмектесуге дайын екенін жеткізген. Сондай-ақ, жас жігітті қапастан шығаруға 210 мың теңге қаражат талап еткен. Жәбірленуші ұлына көмектесу мақсатында ақшаны алаяққа берген. Тек алаяқтықтың арбауына түскенін білгеннен кейін барып сотқа жүгінген. Аудандық №2 сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл - алаяқтың өзін адамдарға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, ақша алған бірінші қылмысы емес. 

Қылмыскер сот залында өзінің кінәсін толық мойындап, 3 жыл 7 айға дейін бас бостандығынан айырылды.
Следующая →