Өскемен
малооблачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +23°
$
444.79
+1.94
481.04
+0.72
¥
61.48
+0.39
4.95
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО колледждері тегін қызмет үшін төлемақы алған

Дипломды қайта жасату үшін төлемақы төлеген студенттер берген қаржысын қайтарып ала алады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары облыстағы колледждерге "жасырын сатып алушы" болып барып, жоғалтып алған дипломды қайта жасатуға өтініш берген. Ал колледж әкімшіліктері оны жасату үшін төлемақы сұраған.

- Дипломды қайта жасату үшін тек төлқұжат пен өтініш қана керек. Оны дайындау үшін 20 күн кетеді. Құжатты колледжден де, Халыққа қызмет көрсету орталығынан да алуға болады. Алайда мониторинг жүргізу барысында оқу орындарының әрекеті заңға қайшы екендігін анықталды, - дейді мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Ерхат Жалелов.

Тексерілген 83 колледждің 12-сі заңды бұзған. Ал кейбір колледждер дипломды жасап бермейміз деген.

- Ал кейбір оқу орындары мемлекеттік қызметті мүлдем бұрмалап жеткізген. Мәселен, Тарбағатай аудандық колледжі дипломды қайта жасату үшін ХҚКО-на баруды, онымен қоймай, өзімен бірге еңбек кітапшасын алуды, газетке дипломның жоғалғандығы жайында хабарландыру беруді, ішкі істер министрлігінен дипломның жоғалғандығы жайында анықтама алып баруды талап еткен, - дейді Ерхат Жалелов.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының гуманитарлы колледжі дипломды қайта жасату үшін 1000 теңге, "Қайнар" колледжі 3000 теңге талап етсе, Гуманитарлы-экономикалық және "Авиценна" медициналық колледжі 5000 теңге сұраған.


Следующая →