Өскеменде автобус пен көлік соғылып қалды
Кеше сағат 18.00-де Новаторов пен Қабанбай көшелерінің қиылысында автобус пен көлік соғылып қалды
Куәгерлердің айтуынша, LADA Priora жеңіл автокөлігі Пристань көшесімен келе жатқан №1 автобусқа жол бермей қойған. Ал автобус жеңіл көлікпен соқтығысып қалудан қашып, бейнебақылау камерасы ілініп тұрған бағанаға барып соғылған. Екі көліктің де алдыңғы жағы қатты бүлінген.
Зардап шегушілер жоқ, тек жеңіл көліктің иесі аздап жарақат алған.