Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Кеше трамвай вагоны екі рет рельстен шығып кетті

Қар қалың түскендіктен трамвай вагондары рельстен тайып кеткен

Трамвайдың мәселесі күн сайын ушығып барады. Кеше кешке таман 12 трамвай вагоны жолға шыққан. Алайда рельсті қар басып тастағандықтан, оның трамвай вагондарының өздері күреген. Өйткені рельсті тазалайтын техниканы жіберу үшін электр жарығы керек. Ал "Шығысэнерготрейд" кәсіпорны трамвайдың берешегі көп деп, жарық жібермей қойған болатын.

- Трамвайдың жүрісі күн сайын қиындап барады. Рельстің бойына қар қалың түсіп, оны көліктер таптап, жолды "жарымжан" етіп тастады. Егер вагондарды жолға салмаса, онда рельс мүлдем тотығып жүруге жарамай қалады, - дейді Трамвай паркінің директоры Анатолий Успенский. - Біз " Шығысэнерготрейд" кәсіпорнына да, қала, облыс әкіміне де ресми хат жазып, көмек сұрадық. Алайда еш хабар жоқ.

Ал Кәсіпкерлер палатасы трамвай жүрмесе, халықтың жағдайы мүлдем нашарлайды дейді. Трамвайдың орнына шыққан автобустар да тұрғындарды толықтай таси алмай жатыр.

Следующая →