ШҚО-да сәбиі бар аналардың жұмысы жеңілдетілмек
ШҚО Кәсіподақ ұйымы жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасындағы қарым-қатынасты жақсартқысы келеді
Өңірлік кәсіподақ ұйымы аталған мақсатты орындау үшін жаңадан құжат дайындап шықты. Бұл құжат қазіргі уақытта Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақ өкілдері, кәсіпкер азаматтар арасында кең талқыға түсіп жатыр.
Мәселен, құжаттың ішінде сәбиі бар аналардың жұмыс уақытын жеңілдету туралы айтылған. Ал жұмыс уақыты мен графигі ұжымдық, еңбек келісімшартында белгіленбек. Сондай-ақ жұмысшының кәсіпорында жұмыс жасау туралы келісімшарты біткенде осы кәсіпорында жүріп жаңа бір мамандықты оқып, қайтадан жұмысқа орналасу, жұмыстан босатылған жағдайда жаңа жұмыс тапқанға дейін екі күн еңбекақы төлеу туралы айтылған.
Алайда Кәсіпкерлер палатасы бұл тұжырыммен келіспейді.
- Берешегі бар кәсіпорын қалайша жұмыстан босаған қызметкеріне екі күн бойы еңбекақы төлейді? - дейді ШҚО КП директорының орынбасары Динара Мухамеджанова. - Ал еңбекақы төлемегені үшін тағы да айыппұл салады.