Мыза көшесіндегі Өскемен вокзалы қашан жөнделеді?
Қоғам белсенділері қала әкімімен болған кездесуде вокзал ғимаратын жөндеуді өтінді
Бұл ғимарат тарихи және мәдени ескерткіш болғандықтан, ол арнайы Мемлекеттік реестрге енгізілген. Демек, ғимараттың бөліктерін ауыстыруға болмайды. Мәселен, ескі терезелердің орнына пластика терезелерді қойып, жөндеуге болмайтын көрінеді.
Ал мекеме әкімшілігі автобекетті жөндеудің қажет емес екендігін айтады.
- Табатын табысымыз көп емес. Елу адамды ғана сыйдыра алатын 12 автобус маршруты күніне бір қана қатынайды, - дейді автобекет директоры Мария Лесовская. - Алайда ғимараттың жағдайы жаман деп айта алмаймын. Жыл сайын сыртын сыртап, ішін әрлеп отырамыз. Отыратын орын, азық-түлік сатып алатын дүңгіршек, дәретхана бар.
Директордың айтуынша, көлік нарығында табыс табу мен өмір сүру қиын. Өйткені тасымалдаушылар өзіне қажетті автобекетті өздері таңдайды. Дегенмен автобекет басшысы бұған көңілі қаяу емес. Қол қусырып қарап отырмай, ғимаратты жөндеуді өз қолына алған.
- Ғимараттың сырты алты жылдай жөнделген жоқ. Алдағы уақытта қолымыздан келгенше абаттандыру жұмыстарын жасаймыз, - дейді ол.