Өскемен өрт сөндірушілері 21 адамды аман алып қалды
Бүгін таңертең Кожедуб көшесіндегі алты қабатты үйдің кіреберіс есігін өрт жалмаған
Электр жарығын есептеуші құрылғы жарылып, кіреберісте өрт шыққан. Ал оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үйдегі 21 адамды эвакуациялаған. Оның ішінде үшеуі – бала.
- Есептеуші жабдыққа көп жүк түсіп кеткен. Өйткені үйде тұрмыстық техникалар көп. Тұрғындар бір уақытта үш-төрт элекр құрылғысын пайдаланып, жабдыққа тіпті күш түсіреді. Ал жабдық ескі. Үйдің салынғандығына 40-50 жылдай уақыт болған, - дейді өрт сөндірушілер.
Өрт сөндіруге 10 адам жұмылдырылған.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Пожарные Усть-Каменогорска спасли людей Пожары в ВКО УЧС Усть-Каменогорска