Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Аягөз ауданындағы ауылдарға су тартылады

Биыл Аягөз ауданындағы Ақшатау, Өркен, Қопа, Ақшаулы, Мыңбұлақ ауылдарына су құбырлары тартылып, халық ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Былтыр Аягөздегі төрт үлкен ауылға ауыз су тартылған. Олар - Мамырсу, Айғыз, Тарлаулы, Қарағаш ауылдары.

- Аягөз қаласының түбінде, үш шақырым жерде орналасқан Мамырсу ауылына құбыр тартылмай, тұрғындарға небары екі-ақ сағат су беріліп жүрді. Былтыр 350 млн теңгеге су жүйесі салынды. Қазір ауыл тәулік бойы сумен қамтылған. Өмір бойы ауыз су көрмеген Қарағаш ауылына да былтыр су құбыры тартылған. Ал Тарлаулы ауылына жаңа су құбыры салынып, қазіргі уақытта жер үйлер орталық желіге біртіндеп қосылып жатыр, - дейді аудан басшысы Бақытжан Байахметов.

Ендігі мәселе - бес ірі ауыл мен екі кіші ауылды сумен қамту. Оның ішінде Ақшатау, Өркен, Қопа, Ақшаулы, Мыңбұлақ ауылдары бар.

- Былтыр Ақшатау ауылына су құбырын тарту жөнінде бюджеттік өтінім өткізген болатынбыз. Бұл жоба бюджетке бекітілді. Қазір су құбырын тартумен айналысатын мердігер компания іздестірілуде. Ауылға жылдың аяғына дейін су құбырын тартып бітіреміз. Ал жобалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткен Өркен, Мыңбұлақ ауылдарына су тарту жұмыстары биыл басталады. Бұған 800 млн теңге бөлінген. Қопа мен Ақшаулы ауылына су құбырын тарту жобасы қаржылық жағынан мақұлданса, оны да биыл бастаймыз. Олай болмаса, ендігі жылға қалдырылады, - дейді аудан әкімі.

Биыл кіші ауылдардың ішінде Кеңбұлақ ауылы мен қала жанында орналасқан Ескі Майлин кентінен ұңғыма қазылып, су шүмегі қойылмақ.

Одан бөлек, аудандық бюджет есебінен Малгелді мен Байқошқар ауылдарына да су құбыры тартылуы мүмкін.

Следующая →