Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алакөлдің аясы кеңейіп, абаттандырылады

Өткен жылы Алакөл айдыны біршама абаттандырылып, көптеген инфрақұрылымдар пайда болған еді

Өңір басшысы Даниал Ахметовтің жеке назарындағы аймақ биыл да өркендей түспек. Бұл туралы ШҚО Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев мәлімдеді.

- Биыл біз тек өз күшімізге сенбей, әлеуетті құрылысшылар мен сәулетшілерді тартуды көздеп отырмыз, - дейді Жасұлан Сәрсебаев. - Биыл Алакөлді абаттандыру жұмыстарына ұсыныстар қабылдайтын боламыз. Яғни, оның көркеюі мен өркендеу бағытын ұсыныс білдірушілер анықтайды. Бұл жұмыстар барысында Алакөлді абаттандырудың үздік-арт жобасы бойынша байқау өтеді.

Аталмыш жоба мемлекеттік "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы Үржар ауданы әкімінің орынбасары айтып өтті.

- Байқауға жобалық смета жасайтын ұйымдар, сәулетшілер қатыса алады. Бұл үшін Үржар ауданының әкімдігіне тиісті құжаттарды өткізу керек, - дейді Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов. - Қатысушылардың саны шексіз. Байқау 20 күн өтіп, арыздар наурыз айының 25-іне дейін қабылданады.

Бұл жұмыстардың барлығы ішкі және визалық туризмді дамыту үшін жасалады. Себебі бүгінгі таңда Алакөлге облыс халқының 30 пайызы және Ресей туристері демалысқа келеді. Мұнымен қоса, биыл Жалаңашкөл станциясына дейін теміржол байланысы жандандырылады. Станция Алакөлден небары 50 шақырымда орналасқандықтан, Семей мен Өскемен тұрғындарына келу үшін тіптен оңай болады. Аталған 50 шақырым жол да биыл жөндеуден өткізіледі.

Аягөзге қатысты тың жаңалықтар мұнымен шектелмейді. Биыл дүбірлетіп басталған цифрландыру жобалары бірінші болып Алакөлге жететін сыңайлы. Ағымдағы жылы мобильді қосымша көмегімен төлем құжаттарын электронды танитын, сканерлейтін жүйе енгізіледі.

- Енді адамдар өздерімен қағаз ақша тасымайтын болады, - дейді Туризм және сыртқы байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев. - Барлық төлемдер ұялы телефон арқылы жүзеге асырылады. Бұл ұрлық пен алаяқтыққа нүкте қояды деген үміт бар. Сонымен қатар, сатып алу барысында жұмсалған қаражаттың бір бөлігі есепшотқа қайтадан түсіп отырады.

Айта кету керек, биыл көл жағасында әлемдік деңгейдегі бес жұлдызды қонақ үй құрылысы басталады. Мұндай жобалар бұрын соңды болмағандықтан, құрылыс жұмыстары баяу жүріп келеді. Дегенмен 10 гектар жерге сыйымдылығы 700 адамға жететін тамаша қонақ үй ШҚО тұрғындарының басым бөлігін құшағына алады. Соңғы деректер бойынша, алпауыт қонақ үй "Керуен Плаза" деп аталатын болады.

Следующая →