Өскемен мен Семей қаласындағы мектептерді қадағалау үшін комиссия құрылады
Екі қаланың да оқушылары былтыр ҰБТ-дан аз ұпай жинаған болатын
Семей мен Өскемен қаласының оқушылары Аягөз бен Көкпекті аудандарымен салыстырғанда әлдеқайда аз балл жинаған. Мәселен, Аягөздің екі бір оқушысы 138 балл жинады.
- Семей мен Өскемен қаласындағы білім сапасы алаңдатады. Қала әкімдері бұл мәселемен жіті айналассын. Көкпекті ауданында 100 балдан жоғары ұпай жинаған балалардың саны Өскемен мен Семейдегі балалардан көп. Алайда ауылды жерде оқушыларға жағдай аз жасалғаны белгілі. Қаладағы білім сапасын бақылайтын комиссия құру қажет. Бұл комиссияға ЖОО ұстаздары мен профессорлары мүше болады, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.