Үйі өртенген Өскемен тұрғынына жаңа пана тұрғызып берді
Кішкентай баласы бар әйелдің үйі өртеніп кетіп, өте қиын жағдайда қалып қойды
Қала билігі мен облыс орталығының діни қызметкерлері әйелге қол ұшын созды.
- Алғыс айту күні қарсаңында Наталья Мельникованы қиындықтан шығару керек деп шештік, - дейді Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. - Шығыс Қазақстан облыстық Халифа Алтай атындағы мешіт өкілдері мен Өскемен және Семей Епархиясының өкілдері қайырымдылық көмегін көрсетті. Өртенген үйді қалпына келтіріп, қазір жөндеу жұмыстарын жүргізілуде.
Өрттен зардап шеккен әйел қиын жағдайдан шығуға қол ұшын созғандардың барлығына алғысын айтуда.