Өскеменде екі баланың анасы іздестірілуде
Анастасия Забунова – депрессияға шалдыққан әрі үрейленгіш, қорқынышы басым әйел
33 жастағы әйел 14 ақпан күні күйеуімен ұрысып, үйден шығып кеткен. Оны соңғы рет 15 ақпан күні Спорт Сарайы маңында көргендер бар.
Әйелдің бойы аса ұзын емес, денесі арық (жоғарыдағы фотосурет ескі). Үйден шыққанда қаракөк күрткі мен қызғыт мойынорағыш, көк джинсы мен қара етік киіп кеткен.
- Мүмкін Анастасияға көмек қажет болар. Ұялы телефоны сөндірулі. Ал балалар мен ата-анасы үйде зарыға күтіп отыр, - дейді туған-туыстары.
Егер Анастасия Забунованы көрген-білген адамдар болса, келесі нөмірге хабарласыңыздар: 8(702)626-14-92, 8(777)406-12-45, 8(705)-318-17-18, немесе 102.