Тоқтаров көшесіндегі ескі театрға актерлер қайта келді
Сәтпаев көшесінен жаңа мекеме берілсе де, театр ұжымының бір труппасы ол жерден көшіп кетті
Тоқтаров көшесіндегі бұрынғы облыстық драма театрында осы күнге дейін Достық үйі орналасып келген. Қазір мекемеге әртістер қайтып оралды.
Роман Степенский ескі театрдың мекемесін актерлер ерекше бағалайтынын айтады. Себебі ол жерден көптеген династия шыққан. Мұнымен қоса, бұл Қазақстандағы ең көне театрлардың бірі. Бірақ жаңа театрға тек жастар ғана көшіп отыр.
ШҚО Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов уақыт өте келе Тоқтаров көшесіндегі театрдың материалдық техникалық базасының қаланатынын айтты.
Следующая →
- Ескі мекемеге жастар театрының труппасы орналасты, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының шығармашылық жетекшісі Роман Степенский. - Бізде үш труппа бар. Ал жаңа мекемеде оның екеуіне де орын жетпейді. Бір сахна болғандықтан, бірнеше ұжымға ол аздық етеді. Мұнымен қоса, жаңа театрда мекемелерді жалға алып отырған өзге де ұйымдар кедергі келтіреді.
Роман Степенский ескі театрдың мекемесін актерлер ерекше бағалайтынын айтады. Себебі ол жерден көптеген династия шыққан. Мұнымен қоса, бұл Қазақстандағы ең көне театрлардың бірі. Бірақ жаңа театрға тек жастар ғана көшіп отыр.
- Ескі мекемеде техникалық жағдайлар қарастырылмаған. Сондықтан оған жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Келесі кезеңге дейін ол жерде дыбыс, жарық және өзге жабдықталу жұмыстары жүргізіледі деп ойлаймын, - дейді ол.
ШҚО Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов уақыт өте келе Тоқтаров көшесіндегі театрдың материалдық техникалық базасының қаланатынын айтты.