Облысқа келген 16 шетел азаматы елден қуылды
Екі күн қатарынан «Мигрант» жедел алдын алу шараларын өткізген полиция қызметкерлері миграциялық заңнаманы бұзудың 230 фактісін анықтады
Тәртіп бұзғандардың көбі заңсыз миграциямен, заңсыз еңбек қызметімен, ШҚО-да тіркеусіз және визасыз жүргендермен байланысты.
Жедел алдын алу шараларының бірінші күнінде ғана тәртіп сақшылары 239 шетел азаматын жауапкершілікке тартқан. Ал 16 адам елден қуылды.
Миграциялық заңнаманы ҚР-ның 47 азаматы да бұзған. Мұнымен қоса, шетел азаматтарын жұмысқа алған бес жұмыс берушілер де тәртіп сақшыларының назарына іліккен.