ШҚО оқушысы құрбысының қымбат бұйымын ұрлап кеткен
Зырян ауданында тұратын 10 жастағы қыз құрбысының үйіне барған кезде, оның 120 мың тұратын алтын әшекейін ұрлап кеткен
Қыздың ата-анасы бұйымның жоғалып кеткенін білген соң, полицияға хабарласқан. Ал он жасар қыздың ана-анасы өзінің баласына қарамайтын, оның тәрбиесімен айналыспайтын адам болып шыққан. Ұрланған бұйымды иесіне қайтарып берген.
Қыздың анасына әкімшілік айыппұл салынған.
Зырян қалалық №2 соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, әйелге 16 835 теңге айыппұл салынған.