Өскеменде футбол стадионында жарылғыш зат бар деп хабарлаған азамат қамауға алынды
Ішімдікке тойып алған азамат тәртіп сақшыларын мазақ етпек болып, жалған хабар берген
Алайда ол "артық" кеткенін сезіп, полицияға қайта хабарласып, жалған айтқанын мойындаған. Ер адам қылмыс жасамаса да, террористік акт жайында жалған ақпарат бергені үшін жазаланды.
Өскемен қалалық №2 соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, судья "қалжыңбасты" бір жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Сонымен қатар, ішімдік дертінен емделетін болады.