Герасимовка ауылында үй құлап қалды
Бес литрлік газ баллоны жарылып, үй тұрғындары күйіп қалса, тұрғын үйдің қабырғалары қираған
Төтенше жағдай бүгін Герасимовка ауылында орын алды. Газ баллонының жарылу салдарынан 100 шаршы метрлік жер үй қирап қалған.
Жарылыс салдарынан 1960 жылғы үй тұрғындары ер азамат пен әйел адам күйіп қалған. Олар дереу ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда арнайы қызмет жарылыс себептерін анықтауда. Көршілері айтқандай, тұрғындар тұрмыста электр пешін қолданған екен. Ал газ баллоны далада тұрған. Жарылыс болған күні ғана газ баллоны үйге кіргізілген көрінеді.
Следующая →
Жарылыс салдарынан 1960 жылғы үй тұрғындары ер азамат пен әйел адам күйіп қалған. Олар дереу ауруханаға жеткізілді.
- Оқиға орнына ШҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мен ШӨАЖҚЖ кинологиялық құтқарушылары келді, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Арнайы үйретілген ит қираған үйді тінтіп шықты. Үйінді астында қалған адамдар болмады.