Ауылдық округ тұрғындары медициналық көмексіз қалуы мүмкін
Шемонаиха ауданындағы Верх-Уба ауылындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория жеке меншік ғимаратта орналасқан. Енді ғимараттың иесі орынды босатуды талап етуде
Ауылдық ОДА-ға 2001 жылы ауылшаруашылық иесі өз ғимаратының жартысын пайдалануға берген болатын. Аудандық бюджеттен сол ғимараттың жөндеу жұмыстарына 1 млн теңге бөлінген. Төрт жылдан кейін абаттандыру жұмыстарына тағы 2 млн теңге бөлінген.
Бірақ осыдан кейін де ОДА ғимаратты өз атына заңдастыруды ұмыт қалдырған. Осы уақытта ғимараттың иесі ауысқан. Жаңа иесі аурухананы босатуды талап етіп отыр.
Бірақ кәсіпкер келіспей отырған көрінеді.
Следующая →
- Аурухана басшылығы келісімшарттың заңды күші жоқ екенін болжап та білмеген, - дейді Верх-Уба ауылының әкімі Валерий Фещенко. – Ал құжаттардың дұрыс жөнделмегенін білгенде, 2007 жылы құжаттарды заңдастыруға өткіздік.
Бірақ осыдан кейін де ОДА ғимаратты өз атына заңдастыруды ұмыт қалдырған. Осы уақытта ғимараттың иесі ауысқан. Жаңа иесі аурухананы босатуды талап етіп отыр.
- Ғимараттың жаңа иесі ет сатумен айналысады және алкогольді ішімдік шығару бөлімі де бар. Бұл қызмет пен аурухана бір ғимаратта орналасқанын жөн көрмеген басшы осындай шешімге келсе керек, - деді Валерий Фещенко. - ОДА бас дәрігері жаңа басшымен келіссөз жүргізіп, жалға алу мерзімін ұзартуды сұрады.
Бірақ кәсіпкер келіспей отырған көрінеді.