Өскеменде коммуналды төлемақы бір түбіртек арқылы төленетін болады
Өскеменде бірнеше айдан кейін бірыңғай есептеу орталығы ашылып, онда тұтынушылар туралы барлық ақпарат жиналатын болады
Мұндай жүйе бұған дейін Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында жасалған. Ендігі уақытта коммуналды төлемақыларды бірыңғай есепшот арқылы төлеуге мүмкіндік беретін жүйесі Өскемен қаласына әкелінбек.
ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасы бірыңғай орталықтың К. Либкнехт көшесі, 19-үйде орналасатындығын, алайда тұрғындардың коммуналды төлем жасау үшін бұл орталыққа келудің қажеті шамалы екендігін айтады.
- Коммуналды төлемдердің барлығы бірге есептеліп беріледі. Әрі оған тек бір ғана А4 форматындағы түбіртек беріледі. Оның үстіне, тек бір түбіртек үшін ғана комиссия төленеді, - деп басқармада хабарлады.