Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Голливуд жұлдыздары Шығыс өңірінде фильм түсірілімін бастап кетті

Бірнеше күн бұрын өңірге келген актерлер "Нұртау" тау шаңғысы курортында болып қайтты

Шығыс Қазақстан облысында National Geographic және BBC арналарына арналған деректі фильмнің түсірілімі басталып кетті.

Естеріңізге сала кетсек, голливудтың Майкл Мэдсон, Кэри Тагава, Марк Дакаскос, Бай Линг сынды танымал актерлері Шығыс Қазақстанға келген болатын. Олар деректі фильмге түсіп, өңіріміздің киелі, көрікті жерлері жайында баяндамақ. Ал деректі фильм "National Geograghic" және "BBC" сынды әлемдік телеарналардан көрсетілетін болады.

- Шығыс Қазақстан облысы - елдің индустриалды-өндірістік орталығы. Атом өндірісімен айналысатын жалғыз аймақ. Әлемде өндірілетін бериллий мен танталдың 25-30 пайызы бізде шығарылады. Бұл АҚШ өндіретін көлемнен көп. Сіздер өңіріміздің тарихи киелі жерлеріне барып, халқымыздың мәдениетімен таныс боласыздар. Өлкенің табиғаты да ерекше. Мұнда дала да, тау да, шөл мен орман да, көл де бар, - деп таныстырды Даниал Ахметов.

Ал жобаның продюсері "Қобыланды" Армен Асенов Елбасының АҚШ-қа сапары әлемде Қазақстанның танымалдылығын арттырғанын, сондықтан темірді қызған кезінде соғып, қызығушылық барда елді таныстырып қалу қажеттігін айтады. Ол үшін өлкені Голливуд жұлдыздарына көзайым ету керек.

Следующая →