Өскеменде ер адам асылып қалды
28 жастағы өскемендік тұрғынның денесі таңертең аулалардың бірінен анықталды
Қайғылы оқиға кеше Әуезов даңғылы бойындағы тұрғын үйлер маңайында орын алған.
Асылып қалған ер адамның денесін жергілікті тұрғындар анықтап, полицияны шақырған.
- 13 ақпан күні таңертең Әуезов даңғылы бойындағы үйлердің ауласынан зорлық-зомбылық белгілерінсіз өлтірілген 28 жастағы ер адамның мәйіті анықталды, - деп ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта орын алған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға мүмкіндік беретін бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.