Өскемендіктер экологиялық жағдайға биліктің назарын аударту үшін қол жинауда
Тұрғындар 2017 жылдың қарашасынан бері облыс орталығындағы ауаның зиянды заттарға толып кеткенін жазады
Экологиялық қауіпсіздік орталығы да мұны растап отыр. Қаңтар-ақпан айында ауаның ластануы рекордтық көрсеткішке жеткен.
Қаладағы жағдайды бақылаудан қалған экологтардың жайы мүлдем қиындай түскен. Өңірлік автоматтандырылған өндірістік-экологиялық мониторинг ақпарат жүйесі бір ай бойы Мәскеуде тексерілуде. Құрылғы тексеріліп, қазір бұрынғы орнына орналастырылған.