Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Глубокое ауданына спорт кешені қажет

Глубокое ауданында орталық спорт кешені және ұлт өкілдері мен мәдениет мамандары бас қосатын мәдениет үйі жоқ

Облыс әкімі Даниал Ахметов Глубокое ауданына ат басын тіреп, аудан әкімінің есебін тыңдап, халықпен жүздесіп қайтты.

- Ауданымызда спортқа қызығушылардың қатары артып келеді. Бүгінде оқушылардың 46%-ы, ересектердің 30%-ы спортпен шұғылданады. Алайда ауданымызда бірде-бір толыққанды спорт кешені жоқ. Ал облыстағы басқа өңірлердің барлығында спорттық-сауықтыру кешені салынған. Ауданда спорт кешенін салу туралы ойдың айтылып жүргеніне біршама уақыт болды. 2015 жылы жобалық құжаттары да дайындалған болатын. Бірақ құрылыс әлі басталмады, - деді аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Альбина Мұхтарқызы.

Спорт мектебінің қызметкерлері өз күшімен демеушілер іздеп, былтыр мекеменің хоккей қорабын жөндеген. Өткен жылы аудан кәсіпкерлері спорт нысандарын жөндеуге 5 млн теңгедей қаржылай көмек көрсеткен. Ал аудандық спорт кешенін салу үшін 300 млн теңгеден аса қаражат қажет.

Аудан орталығында Мәдениет үйін салу мәселесі 2005 жылдан бері көтеріліп келеді. Алдыңғы жылы құрылыстың жобалық-сметалық құжаты мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, аудан әкімі 2016 жылы құрылысты салу жөнінде бюджеттік өтінім берген.

- Екі нысанды да қаржыландыруға дайынбыз. Ауданға спорт кешені де, мәдениет үйі де қажет. Мәдениет үйі жоқ аудан бола ма?! Жастарға ойын-сауық тамашалап, шығармашылық қырын дамытатын мекеме қажет. Ауыл халқымен ақылдаса отырып, қай нысанды алдымен салған жөн болатындығын шешу керек, - деді сөз соңында Даниал Ахметов.

Кездесуге жиналған жұрт алдымен мәдениет үйі салынғанын қалайтындығын айтып жатты. Қалай десек те, елдің рухани жаңғыруы мәдениет саласынан бастау алатындығын көрсетсе керек...

Следующая →