Глубокое ауданындағы Предгорное ауылын су басты
Ауыл тұрғындары биліктің қарекетсіздігіне шағымданса, аудандық және ауылдық әкімдік ауылды су басуына тұрғындардың өздерін кінәлауда
Жергілікті тұрғындар "Валентинка" немесе "Переплюйка" деп атайтын арық арнасынан асып, бүгін, міне, екінші күн жақын орналасқан аулаларды су басып жатыр.
Ауыл тұрғындары бұл жағдайға жергілікті және аудандық билікті кінәлап отыр. Олардың ешқандай шара қолданбай отырғанына наразы. Ал әкімдік өкілдері болса, бұл наразылықпен келіспей, өздерін айыптауда. Глубокое ауданы әкімінің ТЖ бойынша орынбасары Сергей Кимасовтың айтуынша, тұрғындар күлді арық арнасына төгеді, тіпті қоқыстарды да арнаға лақтыра салатындар жоқ емес.
Следующая →
- Арна қатып, су көтеріліп, аулаларды су басуда. Енді суды бақшадан шелектеп шығаруға мәжбүрміз, - дейді тұрғындардың бірі. - Тіпті, қысты күні резеңке етікпен жүретін хәлге жетіп отырмыз. Кеше трактор келіп, біраз қазды да кетіп қалды. Ешқандай пайдасы болмады.
Ауыл тұрғындары бұл жағдайға жергілікті және аудандық билікті кінәлап отыр. Олардың ешқандай шара қолданбай отырғанына наразы. Ал әкімдік өкілдері болса, бұл наразылықпен келіспей, өздерін айыптауда. Глубокое ауданы әкімінің ТЖ бойынша орынбасары Сергей Кимасовтың айтуынша, тұрғындар күлді арық арнасына төгеді, тіпті қоқыстарды да арнаға лақтыра салатындар жоқ емес.
- Арық арнасы қатып қалған. Енді су тұрғындардың өздері мал суғару үшін қазып алған шұңқырлар арқылы шығуда, - дейді Краснояр ауылдық округінің әкімі Олег Егоров. - Техника жұмыс жасап жатыр. Кешке дейін барлығы реттеледі.