Семей тұрғынына дереу арада қан қажет
Әйел адам жан сақтау бөлімінде хал үстінде жатыр, ал диагнозы әлі белгісіз
Ал туған-туыстарды халықтан көмек сұрап отыр. Науқасқа бірінші, екінші және үшінші топқа жататын қан қажет болып жатыр.
Вера Жемогулованың жақындары айтуынша, ол бұрын мұндай дертке шалдығып көрмеген. Халі осыдан бірнеше күн бұрын күрт нашарлап кеткен. Дәрігерлер ештеңе жасай алмай отыр, тек қан құю қажеттігін айтуда.
- Бүгін науқасқа қан құйғыздық. Жағдайы жақсарғандай болды. Алайда әлі де қан қажет, - дейді туысқаны Гүлмира.
Қанды Семей қаласындағы Қан құю орталығына барып тапсыруға болады. Қабылдау уақыты сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін.
Мекенжайы: Сеченова көшесі, 4А.
Науқас: Вера Жемогулова