Жаяу жүргіншіні қағып , тәртіп сақшыларынан қашқан
Жаяу өткіншіні қағып, ізін суытпақ болған көлікті ІІБ жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері ұстап алды
Полиция қызметкерлері Ворошилов көшесін барлау барысында жоғары жылдамдықпен келе жатқан Subaru Legacy көлігін байқаған.
Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы пәрменін құлаққа ілмеген жүргізуші ережені қатал бұзған.
Полиция қызметкерлерінің бірі зардап шеккен азаматшаның жанында қалып, екінші қызметкер қылмыскердің соңынан қуған. Тіпті, жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы пәрменін құлаққа ілмеген жүргізуші ережені қатал бұзған.
- Көлік жүргізушісі Ворошилов көшесі бойындағы мектеп жанында басқарылмайтын жаяу өткелден адам қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытпақ болған, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Көліктің артынан қуып келе жатқан экипаж жол үстінде жатқан қызды көріп, тоқтаған. ЖКО орнына жедел жәрдем қызметі шақыртылды.
Полиция қызметкерлерінің бірі зардап шеккен азаматшаның жанында қалып, екінші қызметкер қылмыскердің соңынан қуған. Тіпті, жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен.
- Көп ұзамай ол Красина көшесі бойында қолға түсті, - деп қосыт мекемедегілер.Анықталғандай, көлік тізгініндегі 27 жастағы облыс орталығының тұрғыны мас болған. Ол отырған көлік те өзінікі болмай шыққан.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Следующая →