Ресей азаматы ШҚО-дан еліне темекі алып өтпек болған
Ресейлік азаматтың көлігінен ірі көлемдегі табак өнімі табылды
Республикалық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі баспасөз қызметі ірі көлемдегі табак өнімін заңсыз тасылмадаушының жолын кесті.
- «Жезкент» өту пунктінің наряды 46 жастағы Ресей азаматын 280 қорап табак өнімін заңсыз тасымалдамақ болғаны үшін ұстады, - дейді баспасөз қызметінің хабарландыруында.
Анықталғандай, темекілерді ол өзінің «Ниссан» автокөлігінде тығып өткізбек болған.