Өскемен тұрғыны мас күйінде өз інісіне пышақ жұмсаған
Ағалы-інілі қос жігіт Прохлодный көшесіндегі қонақ үйлердің біріне барып орналасып, сонда қосылып ішімдік ішкен
Ал бас қосып, ішімдік ішудің соңы қайғылы жағдайға әкеп соққан. Інісі ағасына көңілі толмайтындығын айтып, тапқан табысын үй-ішіне әкеліп бермей, ішімдікке жұмсайтындығы бетіне басқан. Кейін інісі қолына пышақ алып, ағасының жағасынан алған.
- Не болғанын түсінген жоқпын. Бәрі тез болды. Інім қолына пышақ алып, мені тарпа бас салды. Ал мен қолыма ұстараның жүзін алып, қорғанбақ болдым. Менің иығыма жармасып, жерге бірге құладық. Мен оны өлтірген жоқпын, ол өзіның ұстаған пышағының үстіне келіп құлады, - дейді күдікті сот залында тұрып.
Алайда тергеушілер күдіктінің бұл мәлімдемесімен келіспеді. Оны алдымен қолына суық қару алып, інісіне жұмсады деп айыптады.
Ал сот залына шақырылған қос жігіттің әкесі судьядан үлкен ұлына ауыр жаза бермеуін өтінді, өйткені екінші ұлын қайта қайтара алмайды.
Сот күдіктіні сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар, күдікті абақтыға жатқызылып, алкогольден емделмек,