ШҚО-да үш көлік өртенген
Олардың екеуі қозғалыс кезінде өртке оранған
Үш оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Мамандардың айтуынша, облыста соңғы кездері өртенген көліктердің саны артқан.
Бүгін түде Курчатов қаласы маңындағы Семей-Павлодар тасжолының 145 километрінде «МАN» маркалы жүк көлігінің қозғалтқышынан өрт шыққан.
Сондай-ақ, Үржар ауданында Жоғары Егінсуға жол тартқан «Howo» көлігінің де қозғалтқышынан от тұтанған. Жүргізуші көліктен дереу шығып, құтқарушыларды шақыртқан. Дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген.
Семей қаласында 2015 жылғы «Газель» көлігі өртенген.
Мамамандар аталған үш оқиға да жүргізушілердің салғырттығынан болған деп отыр.