ШҚО полицейлері жалған құжатпен жүрген жүргізушіні ұстады
Жүргізуші Өскемен қаласының кіре берісіндегі "Жастар" бөгеу жүйесінің стационарлық бақылау бекетінде ұсталған
Volvo жүк көлігінің тізгінінде 55 жастағы ер азамат болған. Ол Алматыдан облыс орталығына қарай бет алған.
- Қадағалаушылар оның құжаттарын тексерген кезде куәлік құрылымының жұқалығы мен жұмсақтығын байқаған, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Кейінірек тәртіп сақшылары аталған сериялы және нөмірлі құжаттың басқа азаматқа берілгендігін анықтаған. Сондай-ақ, жүргізушінің көші-қон заңнамасын бұзғандығы да анықталған.
Жүргізуші Ұлан аудандық АІІБ полициясына жеткізілді, ал жүк көлігі айып тұрағына тапсырылды. Қазір құқық қорғау органдары сараптама жұмыстарын жүргізуде.