Есік ұрлаған ұры қолға түсті
24 жастағы қала тұрғыны екі күн ішінде Қазақстан және Мыза көшелеріндегі көпқабатты үйлердің төрт подъезд есігін ұрлап кеткен
Жеңіл жолмен нәпақа табуды көздеген ұрыны Өскемен қалалық ІІБ Ертіс полиция бөлімінің криминалды полиция мамандары қолға түсірді.
Естеріңізге сала кетейік, 24 және 26 қаңтар аралығында белгісіз біреу Қазақстан және Мыза көшелеріндегі көпқабатты үйлерден подъезд есіктерін ұрлап кеткен болатын.
Полиция қызметкерлері қолды болған есіктерді тауып, қайтарған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Следующая →
Естеріңізге сала кетейік, 24 және 26 қаңтар аралығында белгісіз біреу Қазақстан және Мыза көшелеріндегі көпқабатты үйлерден подъезд есіктерін ұрлап кеткен болатын.
- Тәртіп сақшылары қаскөйді анықтап, қолға түсірді, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Ұры 24 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шыққан. Анықталғандай, ұрланған есіктерді ол темір қабылдайтын орынға өткізген, ал ақшаны жұмсап үлгерген.
Полиция қызметкерлері қолды болған есіктерді тауып, қайтарған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.