Өскемен қаласының әкімі халық алдында есеп береді
Ертең, 6 ақпанда облыс орталығы басшысының халық алдындағы есеп беру кездесулері басталады
Алғашқы кездесу №47 мектепте 10.00-де өтеді. Бұл күні қала басшысы Қуат Тұмабаевпен ЖМК шағын ауданы, Куленов кенті, Жыланды кентінің тұрғындары кездеседі.
Сол күні сағат 16.00-де Меновное ауылдық округінің халқы да қала басшысымен Меновное орта мектебінің ғимаратында кездесе алады.