Үйде қамалған әже мен немерелеріне иіс тие жаздады
Семей қаласының Жаңасемей көшесіндегі бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты
Балконынан өрт шыққан пәтерде әже мен немерелері бар екенін құтқару қызметіне қоңырау шалған көршілері айтқан.
Түтінге бөккен ғимаратқа газ-түтіннен қорғау қызметі мамандары кіріп, иіс газына уланған 4 және 5 жастағы екі қыз бен 86 жастағы әжені алып шыққан. Зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметі алып кетті.
Мамандардың пайымдауынша, ашық тұрған балконның желкөзінен жоғарғы қабаттардың бірінен темекінің тұқылы түсіп, өрт шықса керек.
Следующая →
Түтінге бөккен ғимаратқа газ-түтіннен қорғау қызметі мамандары кіріп, иіс газына уланған 4 және 5 жастағы екі қыз бен 86 жастағы әжені алып шыққан. Зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметі алып кетті.
- Әже мен немерелерін сырттарынан құлыптап кетсек, керек, - деп мәлімдейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Балконнан өрт шыққанын байқаған әже оны өзі сөндірмек болған. Бірақ иістен тұншыға бастаған, иіс пәтердің ішіне де енген.
Мамандардың пайымдауынша, ашық тұрған балконның желкөзінен жоғарғы қабаттардың бірінен темекінің тұқылы түсіп, өрт шықса керек.