Семейде балалар үйді өртеп жіберген
Құтқарушыларға "Восточный Правый" саяжай кооперативінде тұрғын үйдің өртеніп жатқандығы туралы хабар түскен
Саяжай үйінде жиһаз, терезе және есік жақтаулары, сондай-ақ, тұрмыстық техника жанып кеткен. Мамандардың анықтауынша, ең бірінші үйдегі диван өртенген.
- Отты абайсыз қолдану салдарынан жалын пайда болған. Мүмкін үйде қараусыз қалған балалардың сіріңкемен ойнауынан от тұтанған, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Олардың анасы біраз уақытқа сыртқа шығып кеткенде төтенше оқиға орын алған. Түтінді көрген анасы үйге жүгіріп кіріп, балаларды сыртқа шығарған.
Өртті сөндіру кезінде газ баллоны дер кезінде далаға шығарылды. Қуанышымызға орай, зардап шеккендер жоқ.