Өскемен қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін істі болды
Қылмыстық сот Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манаповты бір жылға бас бостандығынан айырды
Қазір әкімнің экс-орынбасарыс болып қалған Расул Манаповқа қатысты істі Жемқорлықпен күрес қызметі өткен жылдың желтоқсан айында бастаған еді. Ал қаулы 29 қаңтар күні шығарылды.
Өскемен қалалық №2 соты ұсынған материалдар бойынша, шенеунік өзінің бұған дейінгі Ұлан ауданы әкімінің орынбасары қызметінде 2017 жылдың шілде айында «Дарын» КМҚМ директорынан 200 АЕК көлемінде (454 мың) ақша бопсалаған. Оның есесіне Расул Қадірбайұлы директорға бюджетті ұлғайтып, алдағы уақытта қамқорлық танытуға уәде берген. Бірақ директор аталған сомына Манаповқа бермеген.
Ал екінші желтоқсан күні қала әкімінің орынбасары қызметінде отырып, «борышкерге» қоңырау шалып, ақшаны талап еткен. Ал директор келісе отырып, артынша өзіне көрсетілген қысымды жемқорлықпен күрес қызметіне хабарлаған.
Осылайша 450 мың теңгені 13 желтоқсан күні Кирв көшесі бойында архитектура бөлімі орналасқан ғимаратта алып жатқан шенеунік қолға түсті. Айта кетейік, барлық соманың 250 мың теңгесі жалған ақша еді.
Расул Манапов ол кезде кепілақымен босатылған болатын. Ал Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі оған қатысты тергеу істеріне қалалық әкімдіктегі жұмысының қатысы жоқтығын мәлімдеген. 8 қаңтар күні іс сотқа өтті.
Следующая →

- Манапв Расул Қадірбайұлын ҚК 24-бабы 3-бөлімі, 366-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, ҚК 55-бабы 4 және 6-бөлімдеріне сәйкес 1 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойы мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы қызметте жұмыс істеуге шектеу қойылсын, - деп жазылған Өскемен қалалық №2 сотының қаулысында. - Жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін.Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.